в

ШҚО-да заңсыз балық аулағандарға 10 млн теңге айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында «Уылдырық-2025» табиғатты қорғау акциясының қорытындысы жарияланды. «Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік инспекциясының мәліметінше, акцияның мақсаты – көктемгі уылдырық шашу кезінде балық қорын қорғау, олардың мекендеу ортасын көбейту.

Шара барысында 117 әкімшілік хаттама толтырылып, 2,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынған, 130 ау құралдары, 3 көлік және 44 келі балық тәркіленді.

Ең жиі тіркелген құқықбұзушылық — заңсыз балық аулау (92 жағдай). Сонымен қатар кеме қатынасы ережесін бұзуға қатысты 24 факті, су айдындарын ластауға қатысты 2 факті тіркелді. Жалпы, жыл басынан бері инспекция мамандары 656 рейд жүргізіп, 444 хаттама толтырған. Соның нәтижесінде, 10 млн теңге айыппұл салынып, оның 9 миллионы өндірілді.

Ночные экспресс-маршруты предложено запустить в крупных городах Казахстана

ШҚО-да колледж студенті әкесінен алимент өндіріп алды