в

Аягөз ауданында прокуратура 200 млн теңгеге бір көзден сатып алу арқылы заңсыз жасалған мемлекеттік келісімшартты анықтады

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі қыс кезінде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау қызметтерін көрсетуге бір ғана мердігермен шарт жасасқан. Бұл әрекет мемлекеттік сатып алу заңнамасын өрескел бұзып, басқа әлеуетті мердігерлердің қатысуына жол бермеген.

— Анықталған заңбұзушылық бойынша аудан прокуратурасы тиісті ұсыным енгізіп, нәтижесінде заңсыз шарт бұзылды. Осылайша, заңсыз жасалған мемлекеттік келісімшарт күшін жойды, — деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ал бөлім басшысы ҚР ӘҚБтК 207-бабы 11-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Сондай-ақ осыған ұқсас заңбұзушылықтар үшін аудан әкімінің орынбасары мен алты ауылдық округтің әкімдері де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 1,3 млн теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

Спасатели ВКО торжественно отметили День Государственных символов

В Казахстане прошла республиканская акция «День без автомобиля»