Жігіттер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Сол кезде 6 адам бір жігітті ұрып өлтіріп, мәйітін Абай даңғылындағы аурухана маңына тастап кеткен. Полиция 3 күдіктінің ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.
Алайда әлі үш адамның бостандықта жүргені белгілі болды.
— Күдіктілердің кім екендіктері анықталды. Оларға қатысты іздеу жарияланды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.