back to top

ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов қайтыс болды

Нұржан Сайлаубекұлы 1969 жылы ШҚО Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Ол Өскемен құрылыс-жол институты мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «инженер-құрылысшы», «экономика және бизнес бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Аягөз ауданындағы ДЭУ-25-те жол шебері болып бастаған. Біраз уақыттан кейін прораб, одан соң осы ұйымның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы болды.

2001 жылы «Қазақавтожол» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының 71-жол пайдалану учаскесін басқарды.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің Сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімдерін басқарды.

2009 — 2014 жылдар аралығында ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының автомобиль жолдарын дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2014-2018 жылдар аралығында «Шығысжолзертхана» РММ басшысы болды.

2018-2021 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2021 — 2022 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы болды.

Нұржан Жұмаділовті жерлеу рәсімі 4 маусымда Астанада өтеді.

SOZmedia.kz редакциясы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Новые статьи

В Восточном Казахстане 20 семей получили ключи от новых квартир

В Усть-Каменогорске состоялась торжественная церемония вручения ключей от новых квартир жителям, нуждающимся в жилье. Мероприятие прошло 14 марта и было приурочено к празднованию Көрісу...

Более 11 тысяч детей родились в Казахстане благодаря программе «Аңсаған сәби»

В Казахстане подвели итоги реализации государственной программы поддержки семей «Аңсаған сәби», направленной на повышение доступности вспомогательных репродуктивных технологий. За пять лет её работы тысячи...

Курт, мёд и жент: чем удивил Восточный Казахстан на ITB Berlin

На международной туристической выставке ITB Berlin делегация Восточно-Казахстанской области презентовала не только туристический потенциал региона, но и местные гастрономические продукты. Представители туристической индустрии и...

Плюс один спортивный объект для ВКО: в Усть-Каменогорске построят волейбольный центр

Строительство нового спортивного центра планируется завершить до конца текущего года. Недавно аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов посетил участок, где началось строительство волейбольного центра. В двухэтажном...