Өскемен қаласында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын ерекше қажеттіліктері бар жандарға бейімдеу жұмыстары жалғасып жатыр. 2025 жылға арналған қалалық жоспар аясында қосымша 66 нысанды бейімдеу көзделген.
Осы жылдың қаңтар айында қала әкімдігінде ведомствоаралық комиссияның төрт отырысы өтіп, бейімдеу жұмыстарының аяқталу мерзімі ретінде 2025 жылдың қазан-желтоқсан айлары белгіленді.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда. Аталған топ нысандардың қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігін тұрақты түрде тексеріп отырады.