Кешелі бері әлеуметтік желіде өскемендік полицейлердің автобусқа жасырын камера қойып, жол ережесін бұзғандарды анықтай бастағаны жайлы видео тарап кетті.
Бұның ақ-қарасын қалалық Полиция басқармасының бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, полиция майоры Еркін Саттыбаевтан сұрап көрдік.
— Бұл рас ақпарат. Қазіргі уақытта жылдамдықты рұқсат етілген шектен асыру фактілерін анықтауға арналған бір жылжымалы жасырын патрульдік жүйе тестілік режимде автобусқа орнатылды. Ол қалалық маршрутта қатынайтын қоғамдық көлік, — деп жауап берді ол.
Айта кетейік, осы жылдан бері Өскеменде полицейлер қызметтік емес көлікпен жасырын камера арқылы патрульдей бастады.