в

Өскеменде трактор жанып кетті

Өрт сөндірушілер тракторды шарпыған тілсіз жауды ауыздықтады. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

Белгілі болғандай, оқиға Өскемен қаласындағы Есенберлин даңғылында болған.

— Жол бойында трактор жанып кетті. Сол жерге шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 8 шаршы метрді құраған тілсіз жауды өшірді.Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ШҚО ТЖД мамандары жүргізушілерге автокөліктің техникалық жай-күйін мұқият қадағалап, уақтылы техникалық тексеруден өту қажеттігін ескертті.

Өскеменде полицейлер автобусқа жасырын камера қойып, патрульдей бастады

Пожарное депо в Улкен Нарыне требует реконструкции и расширения