Осы жылдың 5 айында қала бойынша 300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артып отыр.
Жол апаттарынан 414 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, полиция майоры Еркін Саттыбаев мәлім етті.
— Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін полиция қызметкерлері жол белгілері мен жарықтандыру жүйесінің жағдайын тексеріп, жол ережелерін өрескел бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартып жатыр. Шаһар бойынша жүргізушілерге жол қозғалысы ережелеріне қатысты жадынамалар таратылып, әлеуметтік желілерде оқыту мақсатындағы бейнероликтер де жарияланды, — деді ол.
Сонымен қатар мектептерде, базарларда және сауда орталықтарында жолдағы қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары қолға алынған.