в

Өскеменде қызға қарға шабылдады

Өскемен қаласында қарға шабуылдаған қыз жарақат алып, дәрігерлерге қаралды.

Оқиға Назарбаев даңғылында болған. Көшеде келе жатқан қыздың басына қарға қонып, тырнай кеткен. Жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алған ол ауруханаға қаралды.

— Қыз басынан жарақат алған. Оған дәрігерлер көмек көрсетіп, жарасы таңылды. Сондай-ақ профилактика ретінде құтырмаға қарсы вакцина салынды, — деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан.

Қала тұрғындарының айтуынша, қарғалар осы аумақтағы ағаштарға ұя салады. Қазіргі уақытта олар балапандарын тамақтандырып жатыр. Сондықтан агрессивті болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстанда ауа райы күрт суытады

В «Золотом треугольнике» наблюдается «беспрецедентный» бум производства синтетических наркотиков