Риддер жылу электр орталығындағы жабдықтардың тозу деңгейі 46%-ға дейін төмендеді. Бұл ЖЭО-ны «қызыл» қауіпті аймақтан «сары» аймаққа ауыстыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
Оның айтуынша, осы жылы ЖЭО-да 6,4 млрд теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде екі қазандықты жаңғырту, қосалқы жабдықтарды жаңарту және 6 шақырым жылу желілерін ауыстыру жұмыстары қолға алынбақ. Соның нәтижесінде орталықтың тозуын 3%-ға төмендету көзделген. Бұл 43%-ды құрайды.