back to top

ШҚО-да 10 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

Шығыс Қазақстан облысында оқу жылын 98 мыңнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішіндегі 4430-ы — мектеп түлегі.

Өңірде 343 мемлекеттік мектеп бар. Онда білім алып жатқан 4430 оқушы биыл 11-сыныпты, ал 9104 оқушы 9-шы сыныпты аяқтайын деп отыр. Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева мәлім етті.

— Тоғызыншы сыныптың мыңға жуық оқушысы ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер, ал 3 724 оқушы колледжге түсуге шешім қабылдаған. Жоғары сыныптар арасындағы 368 түлек «Алтын белгіге», 403 оқушы үздік аттестатқа үміткер. 3 342 түлек жоғары оқу орындарына, ал 316 түлек колледжге түспек, — дейді ол.

Облыста ҰБТ-ға қатысу белсенді түрде жүріп жатыр. Мектеп бітірушілердің 84%-ы тестілеуге қатысуды ұйғарған. Олардың 90%-ы сынақ тестілеуінен өтіп үлгерді.

— Емтихандар кестесі: 9 (10) сыныптар үшін 29 мамырдан 10 маусымға дейін, 11 (12) сыныптар үшін — 30 мамырдан 16 маусымға дейін. Бастауыш сынып оқушылары да демалмайды, мамыр айының соңында қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестация тапсырады, — дейді Инесса Чернышева.

Бірінші сыныпқа қабылдауға тіркеу басталып, тамыздың соңына дейін жалғасады. Қазіргі таңда 9 729 болашақ оқушының 6 166-сынан өтініш түскен.

Новые статьи

Более девяти тысяч казахстанцев проголосовали на референдуме за рубежом

В день республиканского референдума для граждан Казахстана, находящихся за пределами страны, организована работа 71 избирательного участка при загранучреждениях Республики Казахстан в 54 странах мира. Голосование...

Более 83 процентов избирателей проголосовали на референдуме в Восточном Казахстане

В Восточно-Казахстанской области сохраняется высокая активность граждан на республиканском референдуме. По данным территориальных избирательных комиссий, по состоянию на 18:00 явка избирателей в регионе составила...

Наблюдатели в Усть-Каменогорске поделились мнением о проведении референдума

Сегодня на 129 избирательных участках в областном центре работают независимые наблюдатели. Они следят за процессом и отмечают высокую явку избирателей на протяжении всего дня. Горожане...

Құрылыс саласында өзіндік орны бар «СМУ Шығыс» ЖШС – тамыры терең, еңбегі ерен құрылысшылар әулетінің қалыптасуына негіз болған кәсіпорын

Серіктестік осыдан шамамен 40 жыл бұрын құрылған. Оның негізін қалаушы – Абжанов Қуат Заманбекұлы. Ол – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының құрметті...