Өскемен қаласының тұрғынын алдап соққан алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полицияға хабарласқан әйел алданып қалғанын айтып, арыз жазды. Белгілі болғандай, оны 2023 жылдың қаңтар айында танысы әңгімеге тартып, анасының еміне ақша қажеттігін жеткізген.
Бұған сенген әйел адам ірі көлемде ақша берген. Алайда сол күйі ақшасы қайтарылмады. Осының салдарынан келтірілген материалдық шығын көлемі – 7 714 000 теңге.
— Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Осы ретте, полицейлер азаматтарлы қырағы болуға және қомақты қаражатты құжатсыз немесе қолхатсыз беруден аулақ болуға шақырды.