в

19 мамырында Өскемен қаласының Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

Оқу-жаттығу барысында терроризмдік сипаттағы жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мәселелері қарастырылады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабы.

 

19 мая в Усть-Каменогорске в районе аэропорта пройдут антитеррористические учения