ШҚО-да туберкулезбен ауырған бала саны 62,5%-ға азайды

Өңір бойынша туберкулезбен ауырғандар саны азайып келе жатыр. Бұл туралы ШҚО фтизиопульмонологиялық орталығының стационарлық қызмет және профилактикалық жұмыс жөніндегі басшысының міндетін атқарушы Болатбек Елшібеков мәлім етті.

— Туберкулезбен ауырғандар саны 37,9%-ға, оның ішінде балалар арасындағы аурушаңдық 62,5%-ға азайды. Бұл жетістіктер медициналық ұйымдардың мақсатты жұмысының арқасында мүмкін болып отыр. Олар ауқымды профилактикалық тексерулер өткізіп, тестілеуге қолжетімділікті арттырып, заманауи диагностикалау және емдеу әдістерін енгізді, — деді ол.

Қазақстанда 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында туберкулезбен күрес айлығы өтті. Ол Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналып ұйымдастырылған. Бұл шаралар аясында туберкулездің алдын алу, оның симптомдары, ерте диагностикасының маңызы туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Мамандар қазіргі заманғы зерттеу және емдеу әдістері туралы айтып, дәріге сезімталдықты тексерудің маңыздылығына назар аударды.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске пройдут Дни культуры Курчумского района

20-21 ноября в Усть-Каменогорске состоятся Дни культуры Курчумского района. В рамках двухдневной программы жителям и гостям города представят историю и культуру района, национальное ремесло,...

Өскеменде Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

20-21 қараша күндері Өскемен қаласында Күршім ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады. Екі күнге жоспарланған шаралар аясында ауданның тарихы мен мәдениеті, ұлттық қолөнері және жергілікті кәсіпкерлердің...

Шемонаиха ауданыңда учаскелік полиция пункті ашылды

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Разин ауылдық округіне қарасты Красная Шемонаиха ауылында учаскелік полиция пунктінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Полиция...

В Шемонаихинском районе открыт участковый пункт полиции

В рамках реализации принципа «Закон и порядок» в селе Красная Шемонаиха Разинского сельского округа состоялось открытие участкового пункта полиции. В мероприятии приняли участие заместитель начальника...