Өскеменде «Бипек-Авто» компаниясының 8 бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты

Айыпталушыларға қатысты іс алаяқтық, салық төлеуден жалтару және ақшаны жылыстату баптары бойынша қаралды. Үш сотталушы — Елена Кузьмина, Игорь Потапов және Ержан Мандиев алаяқтық бабы бойынша ақталды. Алайда Мандиев жекеменшік иесіне мүліктік зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды.

Алаяқтық пен салық заңын бұзды деп айыпталған Галина Мокина толықтай ақталып шықты. Қалған айыпталушылар — Александр Толстяков, Андрей Рябец, Константин Лобанов және Дмитрий Борзых 2 жарым жылдан 2 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот барлық сотталушыны 2021 жылдан бастап тергеу изоляторында және үйқамақта болған уақытын есептеп, түрмеден босатты.

Айта кетейік, автокөліктерді құрастыру және сатумен айналысқан «Бипек-Авто – Азия Авто» компаниясы Қазақстан нарығында 1992 жылдан бері жұмыс істеп келді. 2020 жылы ел билігі Өскеменде толық циклді зауыт салу бойынша міндеттемелердің орындалмауына байланысты холдингпен келісімшартты бұзды. Сот шешімімен компания мемлекетке 174 млрд теңгені қайтаруға міндеттелді.

Новые статьи

Безопасность туристов обсудили на Kazakhstan Travel Forum

В столице стартовал международный Kazakhstan Travel Forum 2026. Главной темой форума стал «Безопасный туризм» – вопрос куда более важный, чем красивые буклеты, удачные кадры...

Аким ВКО Нурымбет Сактаганов посетил тактико-специальные учения в Катон-Карагайском районе

На энергетическом объекте, обеспечивающем район электроэнергией и отвечающем за работу инженерной инфраструктуры, прошли тактико-специальные учения с участием сил территориальной обороны, подразделений МЧС и других...

Катонқарағай ауданында биыл 39 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын баяндады. Аудан дамуының негізгі бағыттарының бірі -...

В Алматы прекратили уголовное дело, создавшее риски для проекта логистического центра Wildberries

Комитет по защите прав инвесторов добился прекращения уголовного дела, из-за которого возникли риски для реализации крупного инвестиционного проекта Wildberries в Алматы. Компания строит в...