Абай облысында мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына негізсіз талаптар қойылған

Осыған дейін облыстың Абай ауданында ата-аналар құжат тапсыру үшін Семейге 200 шақырым жол жүруге мәжбүр болған. Ал заң бойынша бұл құжаттар мүлде талап етілмеген де.

Ауданда ерекше білім беруді қажет ететін 10 бала сабақты үйден оқып жатыр. Заңға сәйкес, ол үшін дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы жеткілікті. Бірақ мектептер қосымша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның анықтамаларын талап еткен.

— Әр сапар отбасы үшін ауыр сынақ. Себебі мүгедектігі бар баламен қалаға жету оңай шаруа емес. Көлік жалдауға, жатын орынға ақша кетеді. Енді осы мәселенің шешілгеніне ризамыз, — дейді ата-аналардың бірі.

Прокуратура араласқаннан кейін талаптар заңсыз деп танылды. Осыдан былай ата-аналар артық құжаттарды сабылып тасымай-ақ балаларын үйде оқыта алады.

— Тексеру жүргізіп, жағдайды анықтаған соң, ұсыныс енгіздік. Сөйтіп, мәселе шешілді. Біздің міндетіміз — азаматтар тап болатын кедергілерді жойып отыру, — деп хабарлады Абай облысы прокуратурасынан.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...