Оқу-жаттығу 6-7 наурыз аралығында өтеді. Соның барысында өңірдің азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдардың өкілдері су тасқыны қаупі жоғары кезеңдегі іс-қимылдарды пысықтайды.
ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қорғау қызметтерін басқаруды және өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін штаб жедел түрде орналастырылды. Оқу-жаттығу кезінде облыста құлақтандыру жүйесін тексеру және шұғыл ден қою жасағының дайындығын қарау жүргізілді.
Жаттығудың практикалық бөлігі Самар ауданында өтті. Алдын ала ойластырылған оқиға бойынша, Лайлы су қоймасындағы шлюздің ақауына байланысты платина арқылы су тасқыны болды. Осылайша, Самар ауылын су басу қаупі туындады. «112» қызметіне тұрғындардан аула аумағы мен шаруашылық құрылыстарын су басу туралы қоңыраулар түсе бастады.
ТЖ орнына полиция экипаждары келді, олар дауыс зорайтқыштың көмегімен тұрғындарды алдағы эвакуациялау жұмыстары туралы хабардар етеді. Құтқарушылар өтімділігі жоғары техникамен азаматтарды қауіпсіз аймаққа тасымалдайды. Содан соң оларды қабылдау пункттеріне жеткізеді. Тамақтандыру және азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. ТЖД психологтары да зардап шеккен халыққа көмек көрсетеді. Сақшылар зардап шеккендерді орналастыру орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Коммуналдық қызметтер электр беру желілерін ажыратып, жағалауды нығайту жұмыстарын, қапшықтарды төсеуді жүзеге асырды. Оқу-жаттығудың екінші күнінде еліміздің басқа өңірлерінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жіберілетін инженерлік техниканы тиеу жұмыстары пысықталатын болады.