в

ШҚО-да қар көшкіні түсірілетіндіктен жолдардың бірі жабылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 наурыз сағат 10.00-ден бастап облыстық маңызы бар тасжолдардың бірінде профилактикалық қар көшкіні түсіріледі.

— Соған байланысты Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 95-102 шақырымында көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынады. Көлік жүргізушілерін өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Уже девять лет в оперативно-спасательном отряде ДЧС ВКО работает кинолог Марина Цуканова

На платформе Skills Enbek прошли обучение 22,5 тысячи казахстанцев