Самар ауданында мемлекеттік қызметтің беделін түсірген әкім жауапқа тартылды

Самар ауылдық округінің әкімі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған. Ол басқа әлеуетті жеткізушілерді тендерге қатысу мүмкіндігінен айырып, бір көзден бір ЖШС-мен негізсіз екі шарт жасасты.

— Келісімшарттардың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асты. Бұл қаражатқа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршау және аудан орталығына бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары сатып алынған. Алайда соңғы шарт бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін ішінара төлем жасалған. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін аудан прокуратурасының қаулысына сәйкес, Самар ауылдық округінің әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, — деп хабарлады прокуратурадан.

Сонымен қатар аудан прокуратурасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның әдеп кеңесінің қарауына ауыл әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізді.

— Себебі ол өз заңсыз әрекеттерімен мемлекеттік қызметтің беделін түсірген. Әдеп кеңесінің шешімімен ауыл әкіміне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, — делінген хабарламада.

Новые статьи

Более 22 тысяч казахстанцев прошли краткосрочное профобучение с начала года

По данным минтруда РК на 1 апреля этого года профессиональное обучение для повышения квалификации и получения новых специальностей прошли 22 051 человека. Краткосрочное обучение дает...

В ВКО бизнес подключился к отбору проектов конкурса «Я предприниматель»

В Восточно-Казахстанской области стартовал ежегодный конкурс «Я предприниматель», и в этом году к отбору проектов активно подключилось бизнес-сообщество региона. Организационная встреча с участием предпринимателей, представителей...

«BEREL» сыграет в плей-офф чемпионата Казахстана по волейболу на «Барыс-Арене»

Женский волейбольный клуб «BEREL» из Усть-Каменогорска поборется за медали чемпионата Казахстана. Финальный этап Национальной лиги пройдет с 6 по 12 апреля в Астане на...

В Казахстане запускают бесплатное обучение педагогов детских домов

В Казахстане запускается новая программа повышения квалификации педагогов, работающих с детьми-сиротами и детьми, оставшимися без попечения родителей. Обучение будет проходить бесплатно и охватит все...