2025 жылдың қаңтарындағы статистика бойынша Қазақстанда сырт киім бағасы өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өскен. Ең жоғары баға өсімі Түркістан (19,1%), Шығыс Қазақстан (15,6%) және Абай (13,8%) облыстарында тіркелді. Ең төменгі жылдық өсім Павлодар және Жамбыл облыстарында байқалды – 5,4%.
Ерлер киімі орта есеппен 9,9%, әйелдер киімі – 10,3%, балалар киімі – 9,7% қымбаттады.
Ерлер киімінің ішінде ветровкалар – 13,9%, пуховиктер және футболкалар – 11,8%, жемпірлер – 11,1%, іш киім – 11%, майкалар – 10,5% қымбаттаған. Спорттық костюмдер және шұлықтар – 8,9%, шалбарлар – 8,4%, пальто – 7,5%, костюмдер – 7,3%, джинсы – 6,7% өскен.
Әйелдер киімінің ішінде ветровкалар – 15,1%, пуховиктер және іш киім – 14,1%, пальто – 13,1%, колготки – 12,3%, халаттар – 11,7% және тондар – 10,8% қымбаттаған. Ұйқыға арналған көйлектер – 10,1%, жемпірлер – 10%, спорттық костюмдер және футболкалар – 9,7%, көйлектер және костюмдер – 9,3%, блузкалар және лифтер – 9%, джинсы – 7,7%, белдемшелер – 7,4%, шалбарлар – 7,1% өскен.
Балалар киімінің ішінде көктем-күздік сырт киім – 13,6%, мектеп оқушыларына арналған қысқы курткалар – 12,6%, жемпірлер – 11,8%, қысқы комбинезондар – 10,7%, мектеп костюмдері – 10,2%, спорттық костюмдер және іш киім – 9,9%, блузкалар – 9,4%, колготки – 8,8%, футболкалар – 8,4%, пижамалар – 8,1%, көйлектер – 7,8%, белдемшелер, шұлықтар және гольфылар – 7,6%, шалбарлар – 7%, костюмдер – 5,9%, джинсы – 5,3% өскен.