Өскеменде май зауыты ашылды

Бүгін Өскеменде «ALTAI MAI» толық циклді заманауи май экстракциялық зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

— Бұл еліміздің өңдеу саласын дамытудағы маңызды қадам. Инвесторлар зауытты іске қосу үшін 23,5 млрд теңге қаражат құйды. Зауытта қазір 280 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта жұмысшылар саны 350-ге дейін артады. Осы кәсіпорынның ашылуына мұрындық болған барлық жандарға алғыс білдіремін!, — дейді аймақ басшысы.

Шығыс Қазақстан бойынша май өңдейтін 10-нан астам зауыт бар. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 1 млн тонна өнімді құрайды. Ал жаңадан ашылған бұл зауыт бір жылда 74 мың тоннаға жуық өсімдік майын, 64 мың тонна шротты өңдейді.
Шикізаттың әрбір партиясы өнімнің табиғи құндылығы сақталуы және халықаралық стандарттарға сәйкес болуы үшін көпсатылы сапа бақылауынан өтеді. Кәсіпорында қоршаған ортаға барынша аз әсер етуді қамтамасыз ететін тиімді тазарту жүйелері мен қауіпсіз қайта өңдеу технологиялары енгізілген.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске пассажирские поезда будут останавливаться на станции «Жаңа Өскемен»

В Усть-Каменогорске рассматривают возможность остановки пассажирских поездов на станции «Жаңа Өскемен», расположенной в районе левого берега. Соответствующую работу акимат города проводит совместно с компанией...

В ВКО коляски и другие средства реабилитации можно будет получить бесплатно

В Восточно-Казахстанской области внедряют пилотный возвратный механизм технических средств реабилитации для инвалидов. Маломобильные граждане смогут временно и бесплатно пользоваться техническими средствами реабилитации, пока их...

Спасатели Восточного Казахстана сдали 20 литров крови

Спасатели Усть-Каменогорска и ДЧС ВКО приняли участие в акции донорства, которую организовал Восточно-Казахстанский областной центр крови. Для сотрудников службы ЧС такая акция уже стала постоянной...

Сколько стоит летний отдых для детей в Казахстане

В стране начинается сезон детского оздоровительного отдыха. Уже с 1 июня в некоторых загородных лагерях стартуют первые смены. По данным министерства просвещения РК, этим...