в

«Дәрісіз қалдық»: ШҚО-да науқастар онкологиялық дәрілерді ала алмай жатқанына наразы

Өңір жұртшылығының бір ай бойы онкологиялық дәрілерге қолы жетпей отыр.

— «Анастрозол» препаратын ала алмай жатырмыз. Соның салдарынан анамның денсаулығы нашарлап барады. Дәрігерлерге айттық. Бірақ олар дәрінің әлі келмегенін айтып жатыр. Ақ халаттылар емнің басқа түрін де ұсынбады. Сонда не істемек керек? Қашанға дейін тосамыз?! — деп облыс тұрғындарының бірі наразылығын білдірді.

Бұл мәселеге қатысты Шығыс Қазақстан облысының онкологиялық диспансерінен жауап берді.

— Науқастарды дәрі-дәрмекпен қандай көлемде қамтамасыз ету қажеттігі туралы мәлімет жыл соңында «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторына жіберілген. Алайда дәрі-дәрмектің жеткізілуінде уақытша кідіріс туындады. Бұл тек бізде ғана емес, түгел облыстарда болып жатқан мәселе, — деп хабарлады диспансер мамандары.

Дәрі науқастарға өткен жылдың желтоқсан айында берілген.

— «Анастрозол» препаратын ішуді уақытша тоқтатқан жағдайда науқастың жағдайы нашарламауы тиіс. Қазіргі уақытта бұл препарат бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына жеткізілді. Келесі аптада бізге жетеді деп жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.

Казахстан укрепляет глобальное сотрудничество: ключевые достижения внешней политики в 2024 году

Новые международные рейсы из Казахстана запустят в Грузию и Китай