в

ШҚО-да жыл басынан бері жер үйлердегі пештен 33 рет өрт шықты

Источник фото: МЧС РК

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың басынан бері өңір бойынша 33 рет пештен өрт шыққан.

— Әсіресе демалыс күндері өрт көбейеді. Өйткені сол кезде жұрттың дені монша жағып жатады. Жылыту маусымы басталғалы құтқарушылар өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Осы уақытқа дейін барлығы 138 000-нан астам тексеріс жасалды. Соның нәтижесінде жер үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 17 мыңға жуық дерекі анықталды, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, ТЖД мамандары үйді пешпен жылытқан кезде өрттен қалай сақтану қажеттігін түсіндірді.

— Өрттің және иіс тиюдің алдын алу үшін бірқатар сақтық шарасын қаперіңізде ұстаңыз. Пеш пен мұржа сыланған, ақталған болуы қажет. Жылыту маусымы кезінде мұржаны екі айда кемінде бір рет тазалау керек. Пештің маңайына, үстіне киім жайып, аяқ киім кептіруге, жиһазды пешке жақын қоюға тыйым салынады. Сонымен қатар пеш жаққан кезде отты тез тұтататын сұйықты пайдалануға, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға болмайды. Пешті үнемі тексеріп, саңылауы болса бітеп тастаған абзал, — дейді мамандар.

В Казахстане возобновятся ярмарки и разбронируют овощи из стабфондов

Бывший заместитель акима Актау задержан при попытке пересечь границу с Узбекистаном