Ұлан ауданындағы лимон мен банан өсетін жылыжайға шетелден де турист келіп жүр

Ұлан ауданы Украинка ауылында орын тепкен жылыжайда қысы-жазы әйгілі «Киев» лимоны өседі. Тек лимоны емес, бұл жылыжайдың өзі де атақты. Себебі оны арнайы көруге Еуропадан туристер келеді.

Лимонның салмағы – 1 жарым келіге жетеді

Аязы бет қарып, желі азынап тұрған ақпанда жасыл желекке малынған жерасты баққа кіре салысымен өне-бойымыз ғана емес, жан сарайымыз да жылынып қалғандай. Өскеменнен 20 шақырымнан астам жерде орналасқан бұл «Жер-су» жылыжай кешені 2008 жылы ашылған. Оның иелері — жастары алпыстың ауылын аралап кеткен Николай мен Людмила. Алайда біз барғанда екеуі де жоқ екен. Десе де бұл жерде 8 жыл экскурсия жүргізіп келе жатқан Елена Рыжникова ішін аралатқызып, әр сауалымызға ыждаһатпен жауап берді.

— Людмила Земляная зейнетке шығар алдында 20 жыл бойы училищеде электриктерге сабақ берді. Әрқашан өсімдіктерді жақсы көретін. Бейнетінің зейнетін көретін жасқа жеткенде осындай жылыжай ашу туралы ойын күйеуі Николайға жеткізген. Ол бірден қолдап, Киевке ұшақ билетін алады. Сөйтіп, киевтік ірі сортты лимонның және бананның бірнеше көшетін алып келген, — деп бастады ол әңгімесін.

Көптеген өсімдіктің тынысы үзілмей өсуіне қажетті жағдайлар жасалуы тиіс. Жер үстінде температура, жарық және ылғал деңгейін бір қалыпты ұстап тұру мүмкін емес. Сондықтан ерлі-зайыптылар жылыжайды жер астынан ашты.

— Жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайтын кешен 4-ке бөлінген. Біріншісінде цитрус жемістері, оның ішінде салмағы 1 жарым келіге дейін жететін атақты «Киев» лимоны мен банан өсіріледі. Лимон ағаштары температураның төмендеуіне өте сезімтал және екі градус суықтың өзінде қатып қалады. Ал жылыжайдағы температура +16°С. Әр өсімдікті қолмен суарамыз, — дейді Елена Рыжникова.

400-ден астам өсімдік жайқалып тұр

Лимон ағашы гүлдеген кезде, жылыжай іші хош иіске бөленеді. Ал тоғыз айдан кейін піскен лимонды үзіп, жинап алады.

Жылыжайдың басқа бөлмелерінде тропикалық, субтропикалық, шөлді және жерорта теңізі өсімдіктері бар. Оның әрбірі ерекше күтімді қажет етеді. Атап айтқанда, мұнда мушмула, жапонның алтын ағашы, фикус, орхидея, кактус, алоэ, герань, жасмин жайқалып тұр. Барлығы жер шарының түкпір-түкпірінен келген 400-ден астам өсімдік түрі өседі.

Жылыжай аудандағы туризмнің дамына да ықпал етуде. Күн сайын сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Бағасы — 1500 теңге. Облыстың түкпір-түкпірінен ғана емес, Қазақстанның әр өңірінен, тіпті шетелден де арнайы атізін салатындар бар. Мәселен, «Киев» лимондарын көруге Франция мен Германиядан туристер арнайылап келіпті.

— Келесі айда лимон мен банан піседі. Шие түстес Калистемон бұтасы да гүлдейді. Көз жауын алатын бұл өсімдікті балалар ерекше ұнатып жатады, — дейді экскурсия жүргізетін маман.

Новые статьи

В ВКО разыскивают родственников летчика погибшего в 1942 году

Родственников советского летчика, который погиб во время ВОВ в 1942 году разыскивают в Восточном Казахстане. В Волгоградской области в ходе поисковых работ были обнаружены фрагменты...

В Казахстане изменили порядок получения марок для торговли осетровой икрой

В Казахстане уточнили процедуру получения марок для маркировки икры осетровых рыб. Теперь заявления на их выдачу принимают исключительно через портал «Е-лицензирование». Документы необходимо направлять в...

Минздрав сообщил о стабильных ценах более чем на 78% отслеживаемых лекарств

В Казахстане более чем по 78% лекарственных препаратов, включенных в цифровую систему маркировки и прослеживаемости товаров, не зафиксировано роста розничных цен. По данным министерства...

На границе Казахстана развернули две фуры с 605 тысячами куриных яиц из России

Два грузовика с партией из 605 тысяч куриных яиц, следовавшие из Самарской области в Кызылординскую, вернули в Россию из-за отсутствия маркировочных этикеток на внешней...