back to top

Өскемен тұрғындары медициналық орталық ғимаратының суықтығына шағымданды

Облыс орталығының тұрғындары мамандандырылған медициналық орталық ғимаратының суықтығына наразылық білдірді. Олардың айтуынша, ғимарат іші тым суық. Соның салдарынан пациенттер бірнеше көрпеге қымтанып жатады.

— Оның үстіне орталықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейбір науқастар дәлізде жатуға мәжбүр, — дейді тұрғындар.

Халықтың сынына мамандандырылған медициналық орталықтан жауап берді.

— Ғимараттың электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның аясында жарықтандыру панельдері толығымен ауыстырылып, энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Мұндай ауқымды жөндеу жұмыстары 1978 жылдан бері жүргізілмеген. Сондай-ақ дүйсенбіде дизельдік генератор қондырғысын орнату жұмыстары аяқталды. Жаңа жабдық гемодиализ, хирургия бөлімшелерін және клиникалық диагностикалық зертхананы жылумен үздіксіз қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жансақтау бөліміне екінші дизель генераторын орнату жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады орталық өкілдері.

Новые статьи

Өскеменде полиция көлігі жол апатына түсті

Жол-көлік оқиғасы бүгін Шәкәрім және Абай даңғылдарының қиылысында болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. - Chevrolet Onix маркалы автокөліктің...

Полицеские пресекли криминальную схему автокредитования сразу в нескольких регионах страны

УБОП в городах Алматы, Шымкент, Алматинской, Западно-Казахстанской и Туркестанской областях пресечена деятельность преступной группы, участники которой занимались оформлением автокредитов на социально-уязвимых граждан, с последующей...

Казахстан и ведущие университеты США расширяют стратегическое партнерство в сфере образования и науки

Делегация Министерства науки и высшего образования РК провела две важные встречи с руководством ведущих университетов США – Arizona State University (ASU) и University of...

В Усть-Каменогорске проходит чемпионат ВКО по художественной гимнастике

В борьбу за место в сборной региона вступили 130 гимнасток в личном зачете и 14 команд в групповых упражнениях. Самая острая конкуренция развернулась в индивидуальной...