Өскеменде киберполиция 3 телефон алаяғын құрықтады

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, алаяқтарды ұстады. Олар Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбукті тәркіледі.

— Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды. Оған қоса, Қарағанды қаласында шетел азаматы құрықталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді, — деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Новые статьи

В ВКО наградили лучших работников региона

В Восточно-Казахстанской области вручили государственные награды людям, чья работа давно стала частью жизни региона – среди награжденных оказались представители культуры, госслужбы, медиа и бизнеса....

ШҚО-да 100-ге жуық адамды кене шақты

Қазіргі таңда кене шаққан 92 адам медициналық мекемеге жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны - 38. Эпидемиологтардың мәліметінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда...

Өскеменде дүкеннің заңсыз ашылуын ұйымдастырған азамат 5 тәулікке қамауға алынды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде жергілікті атқарушы органдармен келісілмей және қолданыстағы заңнаманы өрескел бұза отырып, аяқ киім дүкенінің ашылуы ұйымдастырылған. Соның...

ШҚО-да ALTAY BUSINESS форумы өтіп жатыр

Облыс орталығында 1500-ден астам кәсіпкерді, сарапшыларды және мемлекеттік орган өкілдерін жинаған ALTAY BUSINESS форумы өтуде. Форумды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ашты. Шара басталар...