Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2025 жылы субұрқақтарды жөндеп, күтіп-ұстайтын мердігерді іздеуде
Тендерді жеңіп алған компания субұрқақтардың жұмыс істеп тұруын толықтай қамтамасыз етуі керек. Олар Қазақстан көшесіндегі «АДК» сауда үйінде, Нұрмағанбетов-Бейбітшілік көшелері бойындағы арбатта (2 субұрбақ), орталық мәдениет үйінің жанында, әуежайда, Гагарин бульварында, облыстық мешітте, Пермитин көшесіндегі революционерлерге арналған ескерткіште, Пермитиндегі Амфитеатр аймағында, «Чайка» дүкенінің қасында, Лихарев көшесінде, «Өскемен» қонақ үйінің жанында, Республика алаңында (3 субұрбақ), С.Нұрмағамбетов саябағында (4 субұрбақ), Астана көшесіндегі жағалауда (2 субұрбақ) орналасқан.
— Субұрқақтарға ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар келісім-шарт жасалған сәттен бастап 2025 жылдың 25 қазанына дейін жүргізіледі. Субұрқақтар 2025 жылдың 1 мамыры мен 25 қазаны аралығында жұмыс істейді, — делінген құжаттамада.