back to top

Дубайдағы дода: Қазақстандық арнайы жасақ халықаралық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді

 

Дубай қаласында UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарысы өтіп жатыр. Онда әлемнің 100-ден астам елінен арнайы жасақ қызметкерлері қатысуда. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлап отыр.

Қазақстандық «Сұңқар» бөлімшесінің жауынгерлері жарыстың бірінші және үшінші күндерінің қорытындысы бойынша сенімді түрде көш бастады.

«Офицерді құтқару» атты үшінші кезеңде ҚР ІІМ қызметкерлері көздеп атудан қара жаяу еместіктерін көрсетіп, дайындықтарын паш етті. Олар барлық сынақтарды 2 минут 11 секундта өтіп шықты.

Турнирдің бірінші күні «Сұңқар» командасы алтыннан алқа тақты. Үш күннің қорытындысы бойынша ІІМ арнайы жасақ бөлімшесінің жауынгерлері турнир кестесінде екінші орынды иеленді. Сондай-ақ үздік ондыққа Қазақстанның басқа да күштік құрылымдары – Ұлттық ұлан, «Sardar B», ҰҚК-нің екі командасы (Arystan Team және SSN Aktau») кірді. Айта кетейік, өткен жылы сұңқарлықтар ауызбіршілігімен көзге түскен. Қатысушылардың бірі аяғын сындырып алғанымен, команданың қолдауымен мәреге жетті.

 

Новые статьи

В Усть-Каменогорске девочка выдумала историю о нападении педофила

Сегодня в социальных сетях появилась информация о появлении педофила в городе. Неизвестный мужчина якобы напал на девочку в подъезде многоэтажки. О произошедшем незамедлительно сообщили на...

В Усть-Каменогорске школьники и студенты презентовали IT-проекты

Сегодня в областном центре состоялся Creative IT Forum, на котором IT и инновации объединились на одной площадке. В форуме приняли участие молодые стартаперы, IT-команды, промышленные...

В Астане прошел XV Форум «1С» с участием Первого вице-министра национальной экономики

Сегодня в Астане первый вице-министр национальной экономики Азамат Амрин выступил на XV Форуме «1С», который собрал более 650 представителей бизнеса, бухгалтерского сообщества и государственных...

В Усть-Каменогорске проводится ОПМ «Правопорядок»: сотрудники пробации усилили профилактическую работу

В Усть-Каменогорске в рамках оперативно-профилактического мероприятия «Правопорядок» сотрудники Левобережного отдела пробации ДУИС по ВКО проводят усиленные проверки подучётных лиц. Работу координирует заместитель начальника отдела,...