в

Өскеменде ақпан айынан бастап жылу бағасы қымбаттайды

Облыс орталығында жылу бағасы ақпан айынан бастап 19%-ға өседі. «Шығыс жылу» АҚ алғашқыда тарифті 26% өсіруді сұраған. Алайда ШҚО табиғи монополияларды реттеу департаменті бұл ұсынысты құптамады. Бұған дейін жылу бағасы өткен жылдың қарашасында ғана көтерілген.

Жаңа тарифтер:

• Ортақ есептеу құрылғысы бар пәтерлер – 3 992 тг/Гкал

• Есептеу құрылғысы жоқтар – 5 670 тг/Гкал

• Көлемі 100 шаршы метрден асатын жер үйлер – 4 391 тг/Гкал (құрылғысы бар), 6 237 тг/Гкал (құрылғысыз)

• Көлемі 200 шаршы метрден асатын үйлер – 7 926 тг/Гкал

Құрылғысы бар бюджеттік ұйымдар – 25 729 тг/Гкал, құрылғысыз – 38 593 тг/Гкал төлейді. Кәсіп иелері үшін жаңа тарифтің құны – 13 366 тг/Гкал.
«Шығыс Жылу» АҚ басқармасы жылу бағасын өсуіне жылу желілерінің 63%, қазандықтықтардың 69% тозуы себеп деп отыр. Одан басқа көмір мен электр энергиясының қымбаттауы және мамандардың жетіспеуі де тариф бағасының өсуіне ықпал еткен.

— Компанияда жылумен үздіксіз қамтамасыз етуші 753 маман жұмыс істейді. Алайда жалақының аздығынан 159 қызметкер жұмыстан кеткен. Оның ішінде 100-ден астам жұмысшы, 49 маман және 10 басшы бар. Техникалық қызметкерлердің еңбекақысы 190 мың теңгеден аспайды, — деді «Шығыс Жылу» АҚ техникалық директоры Асхат Бұқатов.

Восточно-казахстанские школьники завоевали девять призовых мест на XX конкурсе «Зерде»

Школьники точно знают, как использовать в будущем деньги, полученные из Национального фонда