Оқиға кеше түнде Семейдегі Өскемен көшесінде болған. «Москвич 21412» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі ауа райы жағдайын ескермей, жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберіп, автобус аялдамасына соғылды.
Абырой болғанда, оқыс оқиға кезінде аялдамада адам болмаған. Десе де қаланың инфрақұрылымына зақым келді. Енді әкімдікке материалдық тұрғыда шығын келтірген жүргізуші жауапкершіліктен құтылмайды.
— Қаланың коммуналдық шаруашылығына материалдық залал келтірген жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады облыстық ПД-дан.