в

Өскеменде қоғамдық жұмыстан бас тартқан ер адам 25 тәулікке қамалды

Өскемен қаласында төбелескені үшін қоғамдық жұмысқа тартылған азамат өзіне жүктелген міндетті орындамағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Бұған дейін ол ер адаммен төбелескені үшін кінәлі деп танылып, 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған. Алайда берілген жазаға немқұрайлы қарап, түрлі сылтаумен қоғамдық жұмысты орындамаған.

Ер адамға бірнеше рет жаза өтеу тәртібі түсіндірілгеніне қарамастан, өз айыбын өтемеді. Соңында қызметкерлер оны мәжбүрлі түрде бөлімшеге әкеліп, қоғамдық жұмысты 25 тәулік қамауға ауыстырды.

— Қоғамдық жұмыстарды ұят нәрсе деп қабылдауға болмайды. Бұл – адамның қоғамға пайдалы бола алатынын дәлелдеуге берілген мүмкіндік. Бұл – түзелу мен жаңа өмір бастауға жол ашады, — дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Өскемен пробация қызметінің инспекторы Әсел Шабалова.

Пчеловоды Восточного Казахстана готовы выйти на мировой рынок

Риддерде көше жарығы желілерін күтіп-ұстауға 36,2 млн теңге жұмсалмақ