Белгілі болғандай, Lada Priora көлігі Өскемен мен Күршім ауданының арасындағы тасжолда келе жатқан. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, жол жиегіне үйілген топыраққа соғылған.
Осылайша, көлік аударылып кетті. Жол апаты салдарынан іште отырған жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
— Сот шешімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен (Жол қозғалысы ережесін бұзуының абайсызда адам өліміне әкеліп соғуы) кінәлі деп танылды. 2 жылға түрмеге қамалған оған 5 жылға көлік айдау құқығынан айыру жазасы тағайындалды, — делінген ШҚО соты баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.