Нормативтік-құқықтық актілер порталында 2025 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысының бас қаласына шетелдік меймандар үшін туристік алым мөлшерлемесі туралы жоба жарияланды. Құжатқа сәйкес, туристердің орналасқан мекен жайларына сәйкес алым мөлшерлемесі 0% деңгейінде белгіленеді.
Жалпы, туристік алым – туристер келіп орналасқан орындары үшін төленетін міндетті төлемақы. Жиналған қаражат туристік инфрақұрылымды дамытуға, жергілікті жерлерді көріктендіруге және өңірдегі туристік бағытты ілгерілетуге бағытталады. Қазақстанда бұл алымның енгізілуі жыл сайын өзгеріп отырады.
Алғашында оның мөлшері 5 пайыз болады деп жоспарланған, кейін мүлде алынып тасталды. Яғни, бұл алым заң жүзінде бар, бірақ ел аумағында нөлдік мөлшерлемеде қолданылады. Бұл Қазақстанға келетін шетелдік туристер тұрған жері үшін қосымша қаражат төлемейді деген сөз.
Жобаға сәйкес, шешім ресим түрде алғаш жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннің ішінде күшіне енеді.