ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар жер үйлердегі өрттің алдын алу үшін рейдтерге шығуда. Облыста әлеуметтік тұрғыда осал отбасылар пеш жағып отырған 3 101 үй бар. Бұл үйлер толықтай тексерілді.
— ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен полицейлерден құралған комиссиялық тексерулер екі рет жүргізілді. Алғашқы аралау барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 1 379 үй анықталды. Негізінен, бұзушылықтар пешке қатысты болды. Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қайталама тексерулер барысында 234 үйдегі бұзушылықтар жойылды. Әр үй иесіне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық берілді, — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, биыл өңір бойынша өрттен қаза болғандар саны 7%-ға, иіс тигендер саны 47%-ға азайды.