в

ШҚО-да бір күнде жолда қалған 20 адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстанда қалың қар жауып, бұрқасын болып тұр. Соңғы тәулікте өңір құтқарушылары қар құрсауында қалған 72 автокөлікті шығарып, 20 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады.

— Көліктер негізінен «Өскемен-Риддер» тасжолында, «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар тасжолында, Самара ауданындағы «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолында, Глубокое кентіндегі «Шемонаиха-Секисовка» тасжолында қарға батқан. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды. Жол қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халыққа көмек көрсетіліп жатыр, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Құтқарушылар жол учаскелерін өтімділігі жоғары техникамен патрульдеп жүр. Тұрып қалған көліктерді тексеріп, жедел түрде қажетті көмек көрсетуде.

В 2024 году Антикор РК выявил свыше 1,2 тысячи коррупционных рисков в дорожной отрасли

Өскемен ер адам клубқа бомба қойылғаны жайлы жалған ақпарат таратқан