ШҚО-да есірткі таратып жүргендер туралы ақпарат берген адам 305 мың теңге сыйақы алды

«STOP есірткі!» жобасы азаматтық қоғамды есірткінің таралуына қарсы күреске белсенді түрде тартуға бағытталған. Соның аясында есірткі туралы ақпарат берген адамға ақшалай сыйақы төленеді.

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар айында өңір аумағында есірткі таратылып жатқанына қатысты ақпарат келіп түсті.

— Жүргізілген тиісті іс-шаралар нәтижесінде күдікті ұсталып, одан 60 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат α-PVP психотроптық заты екені анықталды. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған, — делінген ақпаратта.

Прокуратураға шынайы ақпарат берген азаматқа 305 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленді.

— Егер сізде есірткі таратып жүргендер туралы қандай да бір мәлімет болса 8-771-659-53-22 телефонына хабарлауыңызды сұраймыз. Жүгінген азаматтарға құпиялылық пен қауіпсіздікке кепілдік беріледі, — делінген хабарламада.

Новые статьи

Доля молодежи NEET в Казахстане снизилась до 5,7%

В Казахстане сокращается число молодых людей, которые не работают и не учатся. Во втором квартале 2026 года к категории NEET относились 312,1 тыс. граждан...

На побережье Алаколя в области Абай планируют разрешить работу казино для иностранцев

На побережье озера Алаколь в области Абай предлагают выделить территорию для размещения казино и залов игровых автоматов. Соответствующий проект постановления опубликован для общественного обсуждения...

В Казахстане определили задачи Национального центра по управлению отходами

Национальный центр по управлению отходами будет отвечать за цифровой учет отходов в Казахстане, ведение государственного кадастра и анализ данных об их образовании и переработке....

Алакөл жағалауында шетелдіктерге арналған казино ашылмақ

Абай облысындағы Алакөл жағалауынан казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға арналған аумақтың шекарасын белгілеу жоспарланып отыр. Оған тек шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және...