в

ШҚО құтқарушылары қыста тауға шыққанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салды

Источник фото: МЧС РК

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ең әуелі тауда жүретін маршрутты алдын ала егжей-тегжейлі зерттеп алу қажет.

— Қар көшкіні қаупі бар жерлерге барудан аулақ болыңыз, әсіресе қар мол жауғаннан кейін. Жақындап келе жатқан көшкін шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек. Егер көшкін астында қалсаңыз өміріңізге қауіп төнетінін қаперде ұстаңыз, — делінген ақпаратта.

Қар көшкіні мен сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады.

— «112» жедел желісінен келетін ескертулерді қадағалап отырғаныңыз жөн. Осы қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қала аласыз, — делінген хабарламада.

В Казахстане сократят выбросы промышленных предприятий в атмосферу

Более 700 памятников культуры восстановили в Казахстане