«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстандағы филиалының мәліметінше, 18 қаңтарда өңірдің солтүстігі мен шығысында қарлы боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, оңтүстік батысқа ауысып, облыстың солтүстігі мен шығысында желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Сол күні Өскеменде де боран мен көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан басталған жел, түнде оңтүстік батыс бөлікке ығысып 15-18 м/с жетеді.
Осы ретте, ШҚО ТЖД қолайсыз ауа райы кезінде елдімекендерден тыс жерлеге жол жүруді уақытша кейінге шегере тұруды сұрайды.