Өскемен тұрғыны Алматыдағы қонақүйде бірнеше күн қонып алып ақшасын төлемей қойған

Алматы қаласындағы қонақүй бірнеше күн қонып алып ақысын төлемеген өскемендікті сотқа беріп, жеңіп шықты

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың шілде айында «Booking» жүйесі арқылы беймәлім Германия азаматы Алматыдағы қонақүйде 2024 жылдың 30 шілдесі мен 8 тамызы аралығында тұруға бронь жасаған. Ақша сол адамның картасынан төленген.

Қонақүйге шынымен де бір адам келіп, осы күндері тұрды. Бірақ 2024 жылдың 14 қазанында банк картасының иесі транзакция алаяқтарға жасалды деп көрсетіп, қонақ үйдің шотына түскен соманы қайтарып алған.

— Қонақүй әкімшілігі бұл адамның Өскемен тұрғыны екенін анықтап, одан 429 300 теңге өндіру туралы сотқа талап арыз түсірді. Сот барысында жауапкер қонақүйде тұрғанын мойындамай, сол уақытта Өскеменде болғанын алға тартты. Алайда сотта ұсынылған дәлелдемелер оның қонақүйде болғанын растады. Айғақтарды көргенде жауапкер кінәсін мойындап, істі медиация тәртібімен аяқтауды ұсынды, — делінген ақпаратта.

Осылайша, жауапкер қонақүйдің ақшасын бөліп төлейтін болды.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...