Жұмысшы мамандықтардың беделі

«2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру қажет. Жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге де жәрдемдесетін болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев .

Қазір «колледжге түскім келеді» деп ешкімді таңқалдыра алмайсың. Табысты адамдардың көбі алғашқы кәсіби білімдері мен дағдыларын колледж қабырғасында алғандарын мақтана айтады. Сондай-ақ олар жұмыс өтілдерін студенттік шақтан бастап кеткен.
Кәсіби білім беру жүйесінің екінші тынысы ашылғандай. Жұмысшы мамандықтарға сұраныстың өсуі олардың кең таралуына жол ашты. Сапалы білімге деген сұраныс болған, әлі де бола бермек. Сапалы білім беру ұғымының синонимі жылдар бойы жоғары мектеп саналып келді. Алайда, ақпараттық технологиялардың дамуы, замануи білім беру бағдарламаларының кәсіби білім беру жүйесіне енуі колледж студенттерінің санын күннен күнге арттырды. Басымдық айқын. Кез келген білім алушы қысқа мерізім ішінде замануи дағдыларды меңгеріп, жұмысқа орналасып лайықты төлемақы ала алады. Қазір колледждерде ақпараттық және басқа да технологиялық салаларда өзекті бағыттар бар. Бұл болашақтың мамандығы деген сөз. Дұрыс таңдалған стратегияның нәтижесінде бұл мамандықтарға деген байқаулар артып келеді. Қазір колледжде оқудың беделді биік, болашағы жарқын.

Бүгінде Қазақстанның шағын, орта және ірі кәсіпорындары дуальды оқыту арқылы жұмысшы кадрларды даярлауға енгізіле бастады. Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларына тікелей жәрдем көрсете алатын колледждер жанындағы кеңестерге енгізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін жыл сайын өңірде зертханалар мен шеберханалар заманауи техникамен және жабдықтармен жарақтандырылады. Құзыреттілік орталықтары техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудың барлық бағыттарын қамтиды. WorldSkills-тің кадрларды даярлау жөніндегі халықаралық стандарттарын енгізу оқу процесіне алдыңғы қатарлы шет елдердің тәжірибесін енгізуге мүмкіндік берді. 2019 жылдан бастап біз WorldSkills беделді халықаралық байқауларында студенттеріміздің жеңістерінің куәсі болдық. Бұл сәтті іс – әрекеттің нәтижесі-үнемі стандартты емес идеяларды іздейтін шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер. Әрине, мұның бәрі студент жастардың жоғары нәтижелеріне әкеледі. Және студенттің мансабын оқу траекториясынан бастап кәсіби шеберлікке дейін құруға көмектеседі. Бұл қазіргі қоғамның әлеуетіне әбден лайық.

Новые статьи

00:06:31

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число сильнейших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике, которые проходят 13–14 июня в Астане. В...

В Восточном Казахстане определили победителей конкурса «Лучший товар Казахстана – 2026»

В Усть-Каменогорске состоялся региональный этап конкурса-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026», объединивший ведущие предприятия Восточно-Казахстанской области. Участники представили продукцию пищевой, легкой и строительной промышленности,...

В Усть-Каменогорске проходят ежегодные региональные конкурс-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026» и «Одно село – один продукт»

На выставочной площадке региона собрали местных производителей, предпринимателей, ремесленников и проекты, которые показывают бизнес ВКО. За стендами – реальные товары, рабочие производства и люди,...

Стаж, ЕНПФ и пороги – что нужно знать будущим пенсионерам

В Казахстане разъяснили порядок назначения пенсионных выплат по возрасту. Согласно главе 15 Социального кодекса, граждане Республики Казахстан, а также иностранцы и лица без гражданства,...