в

ШҚО-дағы Қалжыр өзеніндегі СЭС-ті қай компания салатыны белгілі болды

Источник фото: официальный ресурс премьер-министра РК

Марқакөл ауданында жаңа су электр стансасының құрылысы басталады. Жаңа СЭС Қалжыр өзенінде орналасады. Оның қуаты 16 МВт болмақ.

— Су тасқыны қаупі жоғары кезеңде су электр станциясының энергиясы мұқым Марқакөл ауданын қамтамасыз етуге жетеді. Бірақ барлық энергия Қазақстанның біртұтас энергетика жүйесіне түседі, — дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Жоба аукционнан өтіп, оның жеңімпазы «KALZHYR RIVER ENERGY» ЖШС болды.

— Осы кәсіпорын СЭС салу және пайдалану құқығын алды. Бұл жоба Шығыс Қазақстанды тұрақты энергиямен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ. Енді компания 5 жылдың ішінде құрылыс жұмыстарын аяқтауға міндетті. 2030 жылдың соңына дейін су электр стансасы іске қосылады деп жоспарлап отырмыз, — дейді Нұрлан Рамазанов.

ШҚО-да мұздағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін 3000-нан астам рейд жүргізілді

Туристский поезд Jibek Joly завершил очередной маршрут