Шемонаиха ауданының әкімі болып Дидар Кеңесбаев тағайындалды. Ол бұған дейін ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
Дидар Мұхтарбекұлы 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында дүниеге келген. 2001-2006 жылдары Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да инженер мамандығы бойынша білім алды.
2006 жылдан бастап құрылыс саласында түрлі қызмет атқарды. 2015 жылы мемлекеттік қызметке кірген. ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы болды.
2018-2019 жылдары Өскемен қаласының құрылыс бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2019-2021 жылдары аталған бөлімнің басшысы болып еңбек етті.
Ал 2021 жылдың 13 қыркүйегінен осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымын атқарған.