Облыстық ПД Көші-қон қызметінің мамандарына ірі көлемдегі ақшаны қарызға алып, қайтармай жүрген адамды тауып беру туралы сот орындаушыларынан атқару парағы келіп түсті.
Белгілі болғандай, Өскемен тұрғыны ортақ бизнес ашайық деген танысына 112 млн теңге қарызға берген. Алайда ол сол күйі қаражатты қайтармай, жоғалып кеткен.
— Жедел іздестіру шаралары барысында борышкер Алматы қаласынан табылды. Енді одан ақшаны қайтарумен сот орындаушылары айналысады. Жыл басынан бері облыс полиция қызметкерлері 40-тан астам борышкерді анықтады, — дейді ШҚО ПД Көші-қон қызметінің бастығы Ринат Шкибаев.