Үш күн бойы Шығыс Қазақстанда 150-ден астам Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен мерекелік шара өтеді. Жаңажылдық көңіл-күй мен тілектерді орындау эстафетасы бүгін Риддерде басталды.
Онда ертегі қаһармандарының шаңғы жарысы, сүйікті кейіпкерлердің шеруі және кеншілер шаһарының салтанатты түрде жағылуы өтті. Риддер қаласы алдағы уақытта Аяз атаның туған жеріне айналады деп жоспарлануда. Өйткені дәл осы жерде қыс ұзаққа созылып, қар молынан жатады. Өлкенің табиғаты да тамаша. Құдды ертегідегідей.
Мерекелік шара ертең «Алтай Альпі» тау шаңғысы базасында жалғасады. Фестиваль қонақтары уақыттарын қызықты, әрі көңілді өткізуі үшін әртүрлі шаралар ұйымдастырылады: сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберханасы, бейнелеу өнері шеберханасы, безендірілген шырша қасындағы Аяз Ата мен Ақшақар фото аймағы, слайм-студиясы, ЛЭД экрандағы вокалдық байқау, ақылдылар сайысы, би марафоны.
Ал 21 желтоқсанда Өскемендегі Сол жағалау саябағы аумағында Аяз ата резиденциясының салтанатты ашылуы болмақ. Кешкі мерекелік бағдарламада еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам Аяз ата мен Ақшақар қатысатын облыстың бас шыршасының шамдары жағылады.