в

«Алтай Альпісі» тау-шаңғы курортындағы аспалы жолда тросс үзілуіне байланысты комиссия жұмыс істеп жатыр

Бүгін «Алтай Альпісі» демалыс базасында жаттығу кезінде аспалы жолда тросс үзіліп, спортшылардың бірі иығынан жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Ауыр жарақаттар анықталмағанымен, мамандар 2013 жылы туған спортшыны толық медициналық тексеру үшін Өскемен қаласындағы “Ана мен бала орталығына” алып кетті.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері, спорт басқармасының қызметкерлері және Глубокое ауданының әкімі Елдар Тұмашинов келді. Жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл мәселе облыс әкімінің жеке бақылауына алынды.

Қазір мамандар «Алтай Альпісіндегі» тросс үзілу себебін тексеруде.

В «Алтайских Альпах» работает комиссия из-за обрыва троса на канатной дороге

Пострадавшая в «Алтайских Альпах» девочка получила травму, прооперирована, за ее состоянием наблюдают врачи