в

Алтай қаласында скутер жүргізушісін қағып өлтірген ер адам сотталды

Аудандық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы осы жылдың қазан айында Алтай қаласында болған.

Панфилов көшесімен келе жатқан көлік жүргізушісі солға бұрылған кезде скутерді байқамай қалып, қағып кеткен. Соның салдарынан ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханада көз жұмды.

— Сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 5 жылға көлік басқаруға тыйым салынды, — делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

В Казахстане подвели итоги волонтерской деятельности за 2024 год

В Усть-Каменогорске в связи с восстановительными работами на теплосетях незначительно понизится температура в домах