2024 жылдың басынан бері Қазақстан халқы 210 139 адамға өсті. Оның ішінде 198 443 сәби дүниеге келсе, 11 693 адам ел аумағына қоныс аударған.
Халықтың табиғи өсімінің ең жоғары қарқыны Түркістан облысында (36 628 адам), Шымкент (20 348 адам) және Астана қалаларында (19 258 адамға) тіркелді.
Осы жылдың 10 айында елімізде 309 310 адам дүниеге келген. Туудың ең жоғары көрсеткіші Түркістан қаласында (1000 адамға 25,14), Маңғыстау (24,64) облысында және Шымкент қаласында (23,78) байқалды.
Сонымен қатар аталған кезеңде Қазақстанда 110 867 адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға аз.
Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 адамға 11,52), Шығыс Қазақстан (11,32) және Қостанай облыстарында (10,17) тіркелді. Бұл халықтың жас ерекшелігіне байланысты.