back to top

Өскеменде экологтар тағы да ауа сапасын тексеріп жатыр

23 қарашадан бастап Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Сол уақыттан бері тұрғындар ауа сапасының күрт нашарлап кеткеніне қайта-қайта шағымданып келеді.

Содан соң экологтар ауа сапасына қатысты өлшеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу дерегі анықталған жоқ. Десе де 27 қарашада тұрғындар ауаның бұзылғанын айтып, тағы да шағымдануда. Соған орай қайта тексеру жүргізілмек.

— Экология департаментінің мамандары ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткен-кетпегенін анықтау үшін өлшеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әкімдікте өткен жиналыста ШҚО әкімі Ермек Көшербаев бұл мәселенің бақылауға алынғанын атап өтті.

— Өскемендегі атмосфералық ауаның ластануын өлшеуге арналған барлық құралдың сертификатталғанына тексеру жүргізіледі. Халық қаланың әр аумағындағы жағдай туралы хабардар етіліп отырады. Сондай-ақ желтоқсан айында өндірістік кәсіпорындармен екі жақты жасалған меморандумдардың орындалуы мен атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту жоспарлары қаралады, — деді аймақ басшысы.

Новые статьи

Вертолет МЧС пришел на помощь пациентке из Акжара

Вертолет Казавиаспас экстренно вылетел с бригадой медиков на борту в село Акжар Тарбагатайского района ВКО. Привлечение санитарной авиации потребовалось для транспортировки женщины 1993 г.р.,...

В Восточном Казахстане ведется мониторинг лавинной обстановки

Сотрудники филиала «Казселезащита» по ВКО МЧС РК провели наземное обследование лавиноопасных участков, расположенных вдоль автодорог «Усть-Каменогорск – Самар», в направлениях «Тайынты» и «Лайлы», «Усть-Каменогорск...

Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением

Глава государства в своем выступлении подчеркнул, что Иран, пользующийся высоким авторитетом на международной арене, является надежным партнером Казахстана на Ближнем Востоке. – Наши братские народы...

В Казахстане усиливают защиту от интернет-мошенников

Для удобства пользователей доступ к некоторым государственным информационным ресурсам и сервисам производился по одноразовому коду, чем могли воспользоваться мошенники. Достаточно было ввести телефонный номер...