Өскеменде 16 млн теңгені қалтаға басқан балабақша есепшісі 5 жылға сотталды

38 жастағы айыпталушыға шыққан сот үкімін тыңдауға басқа да мемлекеттік балабақшалардың есепшілері шақырылды. Белгілі болғандай, есепші ақшаны түрлі келісімшарттар бойынша тауарлар мен қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, өзінің туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударып отырған. Осымен тоқтамай, мемлекеттік сатып алу жүйесінде жалған келісім-шарттар жасап, іс жүзінде орындалмаған міндеттемелерге ақша аудара бастаған.

«Бұдан бөлек, жұмысын адал орындаған жеткізуші компанияларға «ақшаны сіздерге қателесіп аударып жібердім» деп өзінің заңға қайшы әрекеттерінде қолданып келген. Осылайша, есепші 16 млн теңгеге жуық қаражатты қалтаға басты», — делінген қала прокуратурасы баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сот үкімі бойынша айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қарауында кәмелеттік жасқа толмаған балалары болғандықтан оның жазасын өтеу мерзімі үш жылға кейінге шегерілді.

Новые статьи

«Торпедо» Қазақстан кубогын Өскеменге алып келді

«Торпедо» хоккей клубы Қазақстан кубогымен Өскеменге оралды. Команда турнирдің бас жүлдесін Қарағандының «Сарыарқа» клубын 8:2 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін иеленді. Кеше облыс орталығының тұрғындары ойын...

«Торпедо» привезло Кубок Казахстана в Усть-Каменогорск

Хоккейный клуб «Торпедо» вернулся в Усть-Каменогорск с Кубком Казахстана. Главный трофей турнира команда завоевала после яркой победы над карагандинской «Сарыаркой» со счётом 8:2. Накануне жители...

Пятая юбилейная «белая вечеринка» проходит в Усть-Каменогорске

В амфитеатре областного центра начался пятый городской фестиваль под открытым небом White Party Öskemen. Гостей ждут часы музыки, танцев, конкурсов и выступлений артистов. Главное...

Казахстан привлек семь мировых производителей к локализации сельхозтехники

Костанайский завод AGROMASH расширяет сотрудничество с ведущими мировыми производителями сельскохозяйственной техники. К выпуску машин и компонентов в Казахстане привлечены семь международных компаний: Väderstad, Dewulf,...