в

Өскемендіктердің шағымынан соң экологтар ауа сапасына тексеру жүргізді

Кешелі бері Өскемен қаласының тұрғындары ауа сапасының күрт нашарлап кеткеніне шағымданған. Соған орай экологтар тексеру жүргізді.
ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мамандар әлеуметтік желіде тараған видеоларға шолу жасап, халық ауа сапасы ластанды деген жерлерге барды.

«Олар ауа сапасына аспаптық зерттеулер жүргізді. Гагарин бульварында азот диоксиді мен формальдегид деңгейі газ анализаторының көмегімен өлшенді. Өлшеу нәтижелері бойынша Гагарин бульвары көшесі, 9 үй мекенжайында хлорсутегінің шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі тіркелді. Басқа ластаушы заттар бойынша шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кету дерегі анықталған жоқ», — делінген ақпаратта.

Экология департаменті жағдайды зерделеп, желдің бағытын, аудандағы кәсіпорындардың жұмысын және ықтимал ластану көздерін анықтап жатыр. Соның нәтижелері бойынша ауаны ластауы мүмкін деген кәсіпорынға қатысты тексеру басталады.

С 1 декабря 2024 года изменится порядок ввоза в РК транспортных средств юрлицами

В Казахстане выплаты по утрате трудоспособности и потере кормильца вырастут с января 2025 года